AI-BALA логотипіAI-BALA
Тегін бастау

Жиі қойылатын сұрақтар

AI-BALA деген не?

3–15 жастағы балаларға арналған қазақша онлайн платформа: логика, математика, шахмат, бағдарламалау, қазақ тілі және басқа курстар. Сабақтар қысқа жұмбақ-тапсырмалардан тұрады.

Тіркелу тегін бе?

Иә. Қазір тіркелген соң барлық курс тегін ашық — жазылым рәсімдеудің қажеті жоқ.

AI-Ұстаз қашан ашылады?

Жақында. AI-Ұстазды — балаға үй тапсырмасын өзі шешуге көмектесетін қазақша көмекшіні — дайындап жатырмыз. Ашылған сәтте баланың кабинетінде пайда болады.

Баланың дауыс жазбалары қайда сақталады?

Сөйлеу тапсырмасындағы жазбаны тек ата-ана (бала) мен сол курстың мұғалімі тыңдай алады. Жазба 90 күннен соң өздігінен өшіріледі, баға мен пікір қалады.

Бала өз нөмірімен кіре ала ма?

Иә. Тіркелу кезінде баланың жеке нөмірін қосуға болады. Бала өз нөмірімен кірсе, тек өз кабинетін көреді.

Сертификат бола ма?

Иә. Курсты толық аяқтаған соң ата-ана кабинетінде PDF сертификат пайда болады.

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба?

WhatsApp: +7 706 501 06 29